$ 536.76  630.85  6.45

«Роза Рымбаева нөмірі бірінші»: Әли Оқапов анасының жетістігін ешкім қайталай алмайтынын айтты (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әнші Әли Оқапов "Кездесу" ютуб арнасына берген сұхбатында анасы Роза Рымбаева туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Роза Рымбаева - аңыз адам. Қазір сын айтудың қажеті жоқ. Осы жылы оның сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол - факт. Қанша жас қыздар шықты. Осы қыз Роза Рымбаеваның орнын басады деді. Өкінішке қарай 2-3 жылдан кейін олар жоқ. Ал Роза Рымбаева кез келген үлкен шараның нүктесін қоятын - Роза Рымбаева", - деді ол. 

Желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды. 

"Розаның дәурені баяғыда бітті", "Роза Бағланова нөмірі бірінші", "1-Мақпал, 2-Роза", "Мен Роза Рымбаеваны тыңдамаймын", "Шындық, мойындау керек", "Еңбегі ерен, бірақ іштарлық бар", "Мақпалға жететін әнші жоқ", деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары