$ 536.76  630.85  6.45

«Менде қазір бәрі бар, бірақ анам жоқ»: Қайрат Әділгерей өкінішін айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

Ол өмірден ерте өтіп, қазіргі жетістігін көре алмаған анасын еске алып, көз жасына ерік берді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әзілкеш Қайрат Әділгерей Аман Тасығанға берген сұхбатында анасы туралы естелік айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол өмірден ерте өтіп, қазіргі жетістігін көре алмаған анасын еске алып, көз жасына ерік берді. 

«Менде қазір бәрі бар, бірақ анам жоқ. Өсіп-өнгенімді көрмеді. Мені оқытты, тоқытты, сол үшін еңбектенді. Әйтеуір, үлкен немересін көрді. Ауырды. 40 жыл бухгалтер болған адам ғой. Соңында екіге екіні қоса алмай, ақшаның түрін танымай кетті. Ешбір концертімде болмағанына өкінемін», – дейді актер.

Өнер иесі ауылына барған сайын, табаны туған жерге тие салысымен бірден анасының жатқан жеріне баратынын айтты. Достары «Анамды күтіп аламын», «Анамды шығарып салып жатырмын» десе, көңілім босайтынын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары