09.09.2025, 17:00

«Ақшаны қайдан алып жатыр?»: Жақында баспана сатып алған Мөлдір Әуелбекова енді жер үйге көшкенін айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Үйде ерің болмаған соң қорқынышты.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жер үйге көшетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, балалары көпқабатты үйді ұнатпай жүрген көрінеді. 

“Жер үй алдық. Ақшасын кеше төлеп қойдық. Бүгін Гүлназ екеуміз барып, үйді көреміз. Бізбен бірге болыңыздар! Үйге жүргізілетін жөндеу жұмыстарын түгел көрсетеміз. Дайын жер үй болып есептеледі. Бірақ ішін өзгертемін. Бұдан үлкен үй алуға батпадым. Жалғыз басты ана болғасын әрі үйде ер адам болмағасын қорқынышты. Бұйырса, үлкен үйді ұлыма алып беремін. Пердеден бастап түгел өзгертіп, өзіміздің қалауымызша жасап аламыз”, – деді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі Алматының қақ ортасынан құны 60 миллион теңгеге пәтер алған еді. 

“Пәтер алып, құрылысын жасап толтырып тастадық. Тіпті ине-жібіне дейін су жаңа болды. Есесіне 80 миллион теңге шығын кетті. Пәтер құны 60 миллион болса, 20 миллион теңгесі жөндеу жұмыстарына жұмсалды”, – деді өнер иесі.