09.09.2025, 17:40

«Күшіктеп кетті»: Үшінші сәбиіне жүкті Төреғалидің қарындасы өзін сынағандарға жауап берді

Фото: instagram.com/dina.toreali

"Сана-сезімді өсіріп, өзіміз дамуға ұмтылмаймыз ба?"

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі көпшілікке өзінің жүкті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзін бала туа береді деп сынағандарға жауап берді.

Дина Төреәлі бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол өзіне тіл тигізгендердің аты-жөнін жариялап, елді шулатты.

«Жүкті екенімді жариялаған күннен бастап я в шоке просто. Кей адамдар неге сонша санасыз, надан болды екен деп ішің ашиды да. Заман зор дамып жатыр, адамдар-ау. Сана-сезімді өсіріп, өзіміз дамуға ұмтылмаймыз ба», — деп жазды ол.