$ 538.2  629.64  6.34

«Жалғызым едің...»: Тоқтар Серіков жақын адамынан айырылып қалды

Нар тұлғалы, жанашырым нағашым.

Фото: Instagram.com/toktar.serikov
Фото: Instagram.com/toktar.serikov

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Тоқтар Серіков отбасының ауыр қазасын бөлісті. Әнші Instagram парақшасында нағашы ағасы мен анасын қатар қойып, жүрегіндегі қайғыны өлеңмен жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі нағашысымен қоштасу сәтіндегі сезімін жүрекжарды жолдарға сыйдырған:

«Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың.
Сен де кеттің бұл өмірден қош айтып,
Жас толтырып екі көздің, қарасың.

Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн.
Кемесіне отырғызып келместің,
Боздап қалды жалғыз ұлмен бар қызың» – деп жазды Серіков.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, сабыр тілеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары