11.09.2025, 17:40

«16 жыл өмір сүрдік»: Дариға Бадықованың күйеуі шаңырағының шайқалғанын айтты

Фото: видеодан скрин

Театр өнерінің маманы жеке өміріне қатысты жазба жариялады. 

 

Танымал актриса Дариға Бадықованың күйеуі, актер Дархан Мұсаев тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Театр өнерінің маманы жеке өміріне қатысты жазба жариялады. 

“Құрметті, ағайын! Елдің аузында жүрген сұрақтың сауалына бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11-тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде отбасылы өмір сүрдік. 2024 жылдың күз айында заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінгі таңда мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды”, – деп жазды актер.

Желі қолданушылар екі өнерпаздың жеке өмірлерін қызу талқыға салды. 

“Неге 16 жылдан кейін ажырасқан екен”, “Олжас пен Дариға жасырып жүр еді, күйеуі айтып қойды”, “Бала-шағасы бар ма екен?!”, “Экс күйеуі құпиясын айтып қойды ма?!”, “Қаншама жыл бірге қмір сүріп, ажырасу оңай емес”, – деп жазды көпшілік. 

Фото: https://www.instagram.com/tv7_kz/