12.09.2025, 13:40

«Өкініш өзегімді өртейді...Құдайға тапсырдым»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі шулы жазба жариялады

Фото: Instagram/dariga_badykova

Естеріңізге сала кетейік, Дархан Мұсаев актриса Бадықовамен өткен жылдың күзінде ажырасқанын мәлімдеген еді. 

Актриса Дариға Бадықовамен ештеңе байланыстырмайтынын жайып салған Дархан Мұсаев тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Сіздермен ішімдегі болып жатқан құбылыспен бөліскім келіп отыр.

Мамандығым өнер адамы бола тұра 16 жыл бойы өнерден ойып орын алмаппын, бойымдағы талантымды, өнерімді тұншықтырыппын.

Өзімді қолға алып, дем салдырып Руқия оқытқалы көзім ашылып өмірді басқаша сезіне бастадым.

Бұл емді маған айлап жалғастырды, себебі тұла бойымда тылсым күштердің кедергілері анықталды. Ал, оны тазалауға әжептеуір күш кетті. Қазір есімді жиып, өткеніме қарасам өкініш өзегімді өртейді, мені осындай дәрежеге түсіруге себепші болған жандарды, бір Құдайға тапсырдым», – деді ол.