Блогердің айтуынша, ол сол сәтте кіші баласына қарап жатқандықтан, үлкен ұлының көлік кілтімен үйден шыққанын байқамапты.
Блогер Карина Оксукпаева ұлдарының өз үйінің алдында жол апатына түсе жаздағанын айтып, видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеодан блогердің екі ұлының аулаға шығып, көлікке отырғанын көруге болады. Үлкен ұлы рөлге отырады, содан соң көлік қозғалып, үйдің бұрышына және қоршауға соғылып тоқтайды. Содан кейін балалар көліктен шығып, қашып кетеді.
Блогердің айтуынша, ол сол сәтте кіші баласына қарап жатқандықтан, үлкен ұлының көлік кілтімен үйден шыққанын байқамапты.
“Мен шыққанда көлік қозғалып келе жатты. Елестетіп көрініңізші, бала көлік жүргізіп келе жатыр. Мен көлікке мініп, тоқтатып үлгердім. Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?”, – дейді блогер.