"Біз жақта (ред. батыста) ұзатылатын қыз міндетті түрде қызыл түсті киім киеді".
Жақында ғана жалғыз қызын ұзатқан Светлана Айтбаева ұзатылатын қызға қатысты ұмыт қалған дәстүрді ел есіне салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, ұзатылатын қыз тек қызыл түсті киім киюі керек.
«Біздің жақта (ред. батыста) ұзатылатын қыз міндетті түрде қызыл түсті киім киеді. Қазір ақ киеді, көк киеді. Ол дұрыс емес. Ақ киімді – келін болып түскен кезде киеді. Алтайдың ар жағынан келген бір қандасымыз, бір ұзату тойда қыздың аспан түстес көк көйлегін көріп «көк кигені несі, бұл дұрыс емес. Қыз бала қызыл кию керек. Ол жердегі қызыл гүл ғой. Көкті – өсіп-өнген, асарын асап, жасарын жасаған, көкке қарай жол тартып келе жатқан мағынада ғой, болмайды ғой» деді. Мен таңқалып қарағанмын. Алтайдың ар жағында қазақ дәстүрінің қаймағы бұзылмай сақталып келе жатқаны белгілі ғой», - дейді ол.