$ 540.84  634.46  6.43

«Бетіне балта түсіп кеткен»: Ақбота Керімбекова балалық шағын еске алды (ВИДЕО)

Бұл туралы ол "КешREC" бағдарламасында баяндады. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әнші Ақбота Керімбекова бала кезінде буллинге ұшырағанын айтып, бетіндегі қалы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол "КешREC" бағдарламасында баяндады. 

"Көбі біледі ғой, бетімде қал бар. Соны бала кезімде көп мазақ ететін. Мектепте де, балабақшада да барлығы келеке еткен. "Көк көз, бетіне балта түсіп кеткен" деп түрлі сөздер айтатын. Содан кейін ішімде комплекс пайда болды. Көп көзіне түсуден қашып, көпшілік ортадан қашатынмын. Суретке де түскім келмейтін. Содан адамның емес, Алланың қалауы болып өнерде, халық алдында жүрмін.  Алла мен қаламаған дүние болса да мені бұрып қазақ сахнасына әкелді", - деп ағынан жарылды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары