15.09.2025, 12:20

«Өсіп-өнген үлкен әулет екен»: Димаш Құдайбергеннің анасы күйеу баласы жайлы алғаш рет сыр шертті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Әншінің анасы құдаларының әулеті туралы сөз қозғап өтті.

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева күйеу баласының әулеті жайлы алғаш рет сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әншінің анасы құдаларының әулеті туралы сөз қозғап өтті.

«Құдаларымызбен танысқаннан кейін көңіліміз орнықты. Жақсы адамдар, ақкөңіл, ақ пейіл, орнықты, өсіп-өнген үлкен әулет екен. Ағайын-туыспен керемет араласып, бірін-бірі қадірлеп, сыйлап отырған жақсы жер екен. Соны көріп қатты қуандық. Ата-анасы бар, екі жақта да әжелері бар. Ағайын-туыстарының сыйластықтары, ілтипаты ерекше жандар екен. Әрине, осының бәрі үлкен қуаныш», - дейді Светлана Айтбаева.