$ 541.19  636.44  6.49

«Он жетінші баламын»: Әнші Кенжебек Жанәбілов отбасылық құпиясымен бөлісті (ВИДЕО)

"Қазір бізден он бала қалды".

 

Фото: Instagram/kenzhebek.muzart
Фото: Instagram/kenzhebek.muzart

Танымал «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанабылов «Хабар» арнасына берген сұхбатында өзінің көпбалалы отбасынан шыққанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әншінің сөзінше, анасы барлығы 18 бала дүниеге әкелген. Кенжебек — отбасындағы 17-бала.

«Қазір бізден он бала қалды. Барлығымыз бір әке мен бір анаданбыз. Анам ас дайындағанда бір қап ұн аптасына жетпейтін», — деп еске алды Жанабылов.

Ол өзінің қарапайымдылығы мен еңбекқорлығын анасының тәрбиесінің арқасы екенін айтты.

Желі қолданушылары өнер иесінің әңгімесіне таңданып, жылы пікір қалдырды.

«Нағыз алтын ана», «Осынша баланы асырау оңай емес», «Тамаша тәрбие», — деп жазды олар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары