Алау Нұртас рөлде отырған видеосын өзінің TikTok парақшасына жариялаған.
Желіде әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алаудың көлік тізгінінде отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алау Нұртас рөлде отырған видеосын өзінің TikTok парақшасына жариялаған.
Желі қолданушылары қыздың кәмелет жасқа толмағанын айтып, жарыса пікір жазды.
"18 жасқа толғансың ба? Рөлге отыруға бола ма", "Жүргізуші куәлігі бар ма", "Полицияға беріп жіберу керек. Ертең біреуді сорлатады ғой", "Жүргізуші куәлігі қайдан? 18-ге толмады ғой", "Таныстары болса, бәрі болады", деп жазды олар.
Бұған дейін әнші Қайрат Нұртастың балаларына көлік сатып алып бергенін жазған едік.