21.09.2025, 06:30

«Кайрат» «Реалды» ұтса, әр ойыншыға көлік беремін»: Баян Алагөзованың күйеуі тағы да мәрттік танытпақ (ВИДЕО)

Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Алматы – бейбітшілік астанасы, «Кайрат» – чемпион!

Қазақстандық кәсіпкер, продюсер Баян Алагузованың жұбайы Тұрсын Алагузов «Кайрат» футбол клубының ойыншыларына ерекше уәде берді. Ол алматылық команда «Реал Мадридті» жеңген жағдайда, алаңға шыққан әрбір ойыншыға автокөлік сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алагузов бұл мәлімдемесін Алматы күні қарсаңында жасады. Оның сөзінше, алдағы матч тек футбол жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға болмақ.

«Қымбатты қазақстандықтар, бүгін – Алматы күні. Біз бәріміз патриотпыз. 10 күннен кейін сүйікті командамыз «Кайрат» пен әлемнің әйгілі клубы «Реал Мадрид» арасында ойын өтеді. Мен республика патриоты ретінде және туған күнім қарсаңында уәде беремін: егер «Кайрат» жеңіске жетсе, алаңға шыққан әр футболшыға көлік сыйлаймын. Алматы – бейбітшілік астанасы, «Кайрат» – чемпион!» – деді кәсіпкер.

Алагузовтың бұл уәдесі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының бірі кәсіпкердің батылдығына ризашылық білдірсе, енді бірі мұны орындалуы күмәнді уәде деп бағалады.

Айта кетейік, «Кайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу жақын күндері өтпек.