Айта кетейік, блогер Қолғанат Жұмабаетың экс-әйелі педофил деп айыптаған еді.
Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау Нұртас тағы да желіні шулатып, көпшілік назарын өзіне аудартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
TikTok желісінде тараған видеодан Алау Нұртастың оқырмандары алдында жылап сөйлеп отырғанын байқауға болады.
"Маған, кішкентай қызға қайдағы бір педофилмен, 3-4 баласы мен әйелі бар еркекпен бірге жүргеннен басқа істейтін іс жоқ па? Мені солай жүретіндей ақылсыз, тәрбиесіз көресіздер ме? Тамаша, рақмет!", - деді ол көз жасын сүртіп.
Видео астына жазылған пікірлерге сүйенсек, Алау Нұртастан өзінен бірнеше жас үлкен блогер Қолғанат Жұмабаев интервью алған. Аталмыш сұхбаттан кейін көпшілік Қайраттың қызын кінәлай жөнелген.
"Сол үшін тыныш жүр", "Сабағыңды оқып, оқушылар сияқты жүр", "Жаным, жылама", "Кішкентай қызда нелерің бар?", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
Айта кетейік, блогер Қолғанат Жұмабаетың экс-әйелі педофил деп айыптаған еді.