Жаңа шығарма ұжымның ресми парақшасында жарияланды.
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың жетекшілігіндегі KeshYou тобы алматылық «Қайрат» футбол клубына қолдау білдіріп, арнайы ән арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап.
Жаңа шығарма ұжымның ресми парақшасында жарияланды.
Футбол алаңында түсірілген бейнебаянда топ мүшелері клубтың дәстүрлі қара-сары түстеріндегі образбен көрінді. Ән мәтінінде жеңіске деген жігер мен рух ерекше байқалады:
«Тербеткен мені ел бесік, Қазақтың даласы есті. Жүрегім сап-сары, көздерім қап-қара, Бұл түстер маған үйлеседі...
Орталық бәріне дайын, Аталар бізді қолдайды. Енді мен мың өліп, мың тірілсем де, Жеңіссіз үйге қайтпаймын.
Алдыңда жігіттер, білесің „Қайратты“, Көтерем бүгін ел көк-сары байрақты. Алатаудан биік ұшқан, Қырандар келеді, шулатып аймақты».
Жаңа туынды көп ұзамай жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі ойларын білдірді:
– «Креативті жұмыс! Әннің сөзі де, бейнебаяндағы образдар да ұнады. Мәтінін кім жазды екен?» – «„Қайрат! Айырад!“ деген ұран қосылса, әсері күшейер еді» – «Қолдау өте мықты шыққан» – «Өзім „Ақтөбенің“ жанкүйері болсам да, Қазақстан намысын қорғап жүрген „Қайратқа“ сәттілік тілеймін! Біз бір халықпыз» – «Мұндай қолдаудан кейін „Қайрат“ жеңіссіз қалмайды» деген пікірлер жазылды.