Әлемге әйгілі әнші өзінің кезекті сұхбатында журналиске бөтелкеден су құйып берген.
Желі қолданушысы Димаш Құдайбергеннің сұхбат барысындағы әрекетін сынап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемге әйгілі әнші өзінің кезекті сұхбатында журналиске бөтелкеден су құйып берген.
"Димашқа тым қарапайым болуды қою керек-ау. Не дегенмен әлемге танымал әнші, ҚР Халық әртісі. Сәл өзінше болса жарасады. Димаш журналиске өзі су құйып берді", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары болса, Димаштың әрекетін жақтап авторды жөнге салды.
"Ол өзін қай жерде, қалай ұстау керек екенін біледі. Артық әңгіме керек емес", "Ол қоя алмайды, себебі бойына біткен қасиет", "Ұлық болсаң, кішік бол деген бар емес пе", "Осы қалпы күшті жарасады, өзгермесінші", деді олар.