29.09.2025, 15:40

«Діни араздыққа алып келеді»: Рүстем Жүгінісовке қатысты сот үкімі шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған.

2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та "Жаңа жылды тойлау керек пе?" деген сұрақ қойып, "пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын" айтқан.

Екіншісі - Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам "бір реттік неке" ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін айтқан болатын.

Сараптама мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін деген баға берген.

Осыған байланысты Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.