Көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді.
Актриса Дариға Бадықова "Ыстық ұя" атты жаңа фильмнің түсіріліп жатқанын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл жолы әріптесі Олжас Абаймен жұп болмайтынын атап өтті.
"Көпшілік тағы да Олжас Абаймен бірге ойнайды деп ойлап жүр. Бірақ бұл жолы олай емес. Ол менің күйеу баламның рөлін сомдайды. Ал басты рөлде Ержан Түсіповпен серіктес боламын. Фильміміздің салмағын арттыру үшін арнайы елімізге белгілі актер Ержан Түсіповті шақырдық", – деді Бадықова.
Желі қолданушылары актрисаның бұл шешіміне қатысты әртүрлі пікір білдіруде.