01.10.2025, 06:30

«Сайқымазақ»: Мақпал Жүнісова әзілкеш Қайрат Әділгерейді орнына қойды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Видео кадрларынан әзілкештің Мақпал Жүнісованың дауысы мен күлкісіне пародия салғанын байқауға болады. 

Желіде әнші Мақпал Жүнісованың әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейге ұрысып тастаған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео кадрларынан әзілкештің Мақпал Жүнісованың дауысы мен күлкісіне пародия салғанын байқауға болады. 

"Сала алмаған соң ештеңені салмау керек. Салған соң дұрыстап салу керек! Мен сияқты күле алмайсың ба, мүлде күлме", - деді Мақпал әзілкешке. 

Желі қолданушылары Жүнісованың бұл әрекетіне риза болып, түрлі пікір жазды. 

"Осы Қайраттың кей қылықтары ерсі", "Сайқал күлкі дейді ма ондай күлкіні", "Жырбыңдап еді, сауап болды Қайратқа", "Мақпал дұрыс айтады", "Сайқымазаққа дұрыс айтты", деп жазды олар.