02.10.2025, 02:30

«Кейде түс сияқты көрінеді»: Ләйлә Сұлтанқызы ел естімеген жаңалығын жариялады

Фото: видеодан скриншот

"Лондонға табан тірегелі 4–5 күн өтті".

Қазіргі уақытта Англияда жүрген танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетіне қарасты BIRSoz ұйымынан шақырту алғанын айтты.

«Кейде түс сияқты көрінеді… Лондонға табан тірегелі 4–5 күн өтті. Қазір адаптация.  BIRSoz – Оксфордтағы қоғамдық бастама, оның мақсаты – Түркі және Орталық Азия елдерімен мәдени, тілдік және ғылыми байланысты нығайту. Ұстаздардың бір бөлігі келіп үлгерді, енді бір бөлігі жолда. Мен ағылшын ұстаздарымен өз сабағымды бастап кеттім», – деді ол.

Тележүргізуші жаңа тәжірибенің өзі үшін үлкен сын екенін де жасырмады.

«Бұл жаста зона комфортадан шығып, жаңа ортаға бейімделу оңай емес. Дегенмен, бұл мен үшін құнды тәжірибе. Жаңа ортаға тез үйреніп кетуімді тілеймін», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.