02.10.2025, 19:00

«Қайраттың» жеңілісіне жылап қалған Ғаділбек Жанайдың қызы елді елжіретті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

«Осындай жанкүйері бар “Қайрат” нағыз бақытты.

Әнші, хит әндердің орындаушысы Ғаділбек Жанай қызының “Қайраттың” “Реалдан” жеңілген сәттегі әсерін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасы мүшелерімен бірге стадионнан матч тамашалаған.

– «Осындай жанкүйері бар “Қайрат” нағыз бақытты. Біз ұтылған жоқпыз, “Реал” біздің деңгейімізді көрсетті. Алға, Қайрат! Алға, Шерхан!», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Әншінің жұбайы да бұл қуанышты сәтпен бөлісіп:

– «Осы күнге де жеттік. Арман болған билеттерді алып, бес сағат бойы матчта отырдық. Уақыт зая кеткен жоқ», – деп жазды.

Желі қолданушылары бүлдіршіннің шынайы эмоциясына сүйсініп, түрлі пікір қалдырды:

«Менің де көзіме жас келді», «Команда енді мына қызға футболка мен кепка сыйласын», «Нәзік жүрек», «Қандай күшті сәт», «Келесі жолы сүйікті командаң жеңсін», – деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін "Реал Мадридтің" жұлдызы Килиан Мбаппе Алматыда ерекше жанкүйерімен кездескен еді.

Сондай-ақ, “Қайрат” клубының басшысы Қайрат Боранбаев Мбаппенің кішкентай жанкүйері Санжарды Орталық стадионда өткен жаттығуға арнайы шақырғанын мәлімдеген болатын.