03.10.2025, 12:20

«Біздің ажырасуымызға басқа әйел себеп болды»: Актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Ажырасқанымызға 7 жыл болды.

Актер Әбілмансұр Серіковке екі ұл сыйлаған оның бұрынғы жары Фариза Ещанова ата-енесі, бұрынғы күйеуі туралы сұхбат берді. Бұл туралы ол Айнұр Асанбердінің YouTube арнасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Қазір ажырасқанымызға 7 жыл болды. Біздің ажырасуымызға себеп ол басқа әйелді таңдады. Ол кісіні тіпті кінәламаймын да. Әркімнің өзінің таңдауы болды. Сол кісіні таңдады, мен оны сол таңдауына жібере салдым. Барлығы ақылын айтты. Ол жерде таңдау болды. Мені немесе оны дегендей. Ол кісі оны таңдады, сосын мен “оны өз еркіне жіберу керек” деп ойладым. Көп армандарымнан тұрмысқа шыққар кезде бас тарттым. Тек соған ғана өкінген кездерім болды. “Мен де осылай түсіп жүретін едім ғой, мен де мықты ұстаздан білім алып едім ғой” деген болды. Ал былай өкініш болған жоқ, тек сол жағынан демесең”, — деді актриса.

Естеріңізгк сала кетейік, Мансұр Серіков танымал актер Әбунасыр Серіковтың ұлы.