$ 546.96  642.73  6.7

«Диана артынан өзі жүгірді»: Тағы бір танымал жұптың ажырасқаны айтылды (ВИДЕО)

Сонымен қатар, қашықтық та әсер еткен болуы ғажап емес.

Фото: diana_skatova парақшасынан
Фото: diana_skatova парақшасынан

Қазақ шоу-бизнесіндегі ең жарқын жұптардың бірі саналатын Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбек туралы тың жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары олардың қарым-қатынасы тоқтады деген сыбыстарды жарыса жазуда. Оған басты себеп – қос ғашықтың енді бір-біріне әлеуметтік желілерде жазылмағаны және ортақ суреттерін өшіріп тастауы.

Жанкүйерлердің пікірінше, олардың арасындағы түсініспеушілікке қытайлық қатысушы Чжан Хаоан себеп болуы мүмкін. Ол шоу күнделіктерінде Диананы «қытай қыздарына ұқсайды» деп сипаттаған. Бұл сөз қызғаныш тудырған болуы ықтимал деген болжамдар айтылып жатыр.

Сонымен қатар, қашықтық та әсер еткен болуы ғажап емес. Белгілі болғандай, Сұлтан Нұрбек біраз уақыттан бері АҚШ-та тұрып жатыр. Әзірге Диана Скатованың тарапынан ресми пікір білдірілген жоқ.

Дегенмен, жанкүйерлер арасында: «Шоу-бизнестегі ең әдемі жұптардың бірі расымен де ажырасты ма?» деген сауал күннен-күнге күшейіп тұр.

"Диана Сұлтанның артынан өзі жүгірді. Жігіт басқаны сүйеді", "Сұлтанның мінезі ауыр, Диана жеңілтек", "Өзі тиіп алды ғой", "Басынан белгілі еді ғой", "Диана ақылды қыз, ажыраспайды", "Білмей жатып тон пішпеңдер", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары