Ол өзі сондай — бәрін соңына дейін айтпайды.
Белгілі актер Рүстем Жаныаманов әріптесі Дариға Бадықова жайлы өз ойын айтып, оның жаңа фильмін талқылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналистің “Бадықованың фильміндегі Олжастың рөлінде сіз болуыңыз мүмкін бе?” деген сұрағына актер күліп жауап берді:
“Негізі Дариға кезінде маған хабарласқан болатын. «Рүстем, сен маған керек боласың» деп қана айтты. Ол өзі сондай — бәрін соңына дейін айтпайды. «Бір жоспарым бар еді, сен керек боласың, кейін сөйлесеміз», – деді”, — деді актер.
Алайда көп ұзамай Рүстем Жаныаманов әріптесінің басқа әріптеспен — Олжаспен бірлескен жобасын көргенін айтты.
“Кейін қарасам, Олжас екеуі “бааам!” деп трекпен шықты. Кейін киносы шықты. Мен қуандым. Өзіне де айттым”, – деді ол.
Актер әріптесіне тек сәттілік тілеп, оның шығармашылығына құрметпен қарайтынын жеткізді.