Біраздан бері екі жақта жүрген жұлдызды жұп бүгінгі таңда бірге.
Әлеуметтік желіде ажырасқандары айтылған тележүргізуші Диана Скатова мен әнші Сұлтан Нұрбеков оқырмандарын қуантып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Біраздан бері екі жақта жүрген жұлдызды жұп бүгінгі таңда бірге. Тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісінің жанынан табылу үшін АҚШ-қа барды.
"Осы сәт. Әйгілі “Home alone” фильмінің үйін көріп қайттық. Кевин Маккалистерді көрмедік. @sultan_nurbekoff комментарийлері өте мүлдем керемет!", - деп видео жариялады ол.
Бұдан бөлек қос ғашық Димаш Құдайбергеннің концертіне де барған. Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
"Бұларға не ойыншық па, айырылды қосылды деген", "Қан қысымым көтерілейін деді ғой", "Сериалдың қызық сериясын көргендей қуанып тұрмын", "Жастарды өтірік айырмаңдаршы өтініш", деді олар.
"Біз бірдеңе айттық па? Кімге сенуді таңдайтын өзіңіз", - деп жауап берді Скатова оқырмандарына.