14.10.2025, 06:30

«Сахна ойыншық болды»: Сәкен Майғазиевтің әйелі әншілікке бет бұрды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желі қолданушылары Майғазиеваның бұл бетбұрысына қатысты түрлі пікір білдірді. 

Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева да әншілікке бет бұрды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Динара Майғазиева Жезқазған қаласында өткен тойда күйеуімен бірге "Жұбайлар жырын" орындап, екі жасты ортаға алып шыққан. 

"Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динара Майғазиева алғаш рет дуэт ретінде сахнаға шықты! Қазақ еліне +1 тамаша дуэт. Дебют! Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында", деп хабарлады жазба авторы. 

Желі қолданушылары Майғазиеваның бұл бетбұрысына қатысты түрлі пікір білдірді. 

"Жақында Мейрамбектің әйелі шығады", "Сахна ойыншық болды ғой, ақшасы бардың бәрі әнші", "Енді қыз ұзатуға ән жазатын шығар", "Қартайғанда алып шығыпты ғой", деді көпшілігі сынап.