14.10.2025, 14:00

«Кайфую»: Ерке Есмахан әлеуметтік желіден жоғалып кету себебін түсіндірді

Фото: erke_esmahan/Instagram

"Күн сайын серуен".

Танымал әнші Ерке Есмахан соңғы уақытта әлеуметтік желілерде сирек көрінуінің себебін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Өнер иесінің айтуынша, ол жай ғана өзінің ең сүйікті мезгілі - алтын күздің әр сәтінен ләззат алып жүр. Қазір ол отбасымен көбірек уақыт өткізіп, күйеуі мен балаларымен серуендейді. Сол себепті әлеуметтік желілерге уақыты жетпей жатқан көрінеді. 

«Инстасыз да кайфую», — деді әнші.

Жуырда үшінші рет ана атанған Ерке декреттегі өмірі жайлы да айтып өтті:

«Күн сайын серуен, түскі ас дайындаймын, сериал көремін, күйеуіммен әрлі-берлі жүреміз сол», — деді ол.