"Жөнімен ұрысады".
Баян мен Бағым Мақсатқызы және Ерболат Беделханның бастамасымен құрылған "iONE" тобы "Қызық Times" бағдарламасына алғаш рет қонақ ретінде келіп, ауқымды сұқбат берді.
Жаңадан құрылған қыздар тобы жақында ғана дебют алғанына қарамастан үлкен фан-базасы қалыптасып үлгергенін айтты. Оған топ мүшелері өздері қатысқан реалити-шоудың септігін тиді деп есептейді.
Сонымен қатар "iONE" тобының қыздары қазақстандық шоу-бизнестегі алып продюсерлермен жұмыс істеген қаншалықты қиын екенін жеткізді.
"Ол кісілермен жұмыс істеген күшті. Жөнімен ұрысады. Олардың ұрысын көңілге қатты алмаймыз. Біз керісінше айтқан сөздерін сабақ ретінде қабылдаймыз. Болашақта сол қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Продюсерлерден үйренген ең маңызды нәрсе - тәртіп. Бұл Баян Мақсатқызы үшін бірінші орында тұрады. Айтылған уақытта болмасақ, кешіксек жаман болады. Негізі бұл кісілер бізге шығармашылық жағынан да, рухани жағынан да өсуге көмектескен жандар", - деді топ мүшелері.