$ 539.56  627.35  6.84

«Қызымның ұстайтын жері қалмапты»: Сәкен Майғазиевтің құдағиы ренішін жеткізді

Салмақ қостыра алмай жүрміз.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің Маңғыстаудан келген құдағиын қарсы алған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада жаңа түскен жас келіннің ата-анасы алдынан шыққан сәті көрсетілген. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу көрінісіне алаңдап:

"Ұстайтын жері қалмапты ғой..." — деп айтады.

Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен:

"Салмақ қостыра алмай жүрміз..." — деп жауап береді.

Видео авторы да оқиғаның астарына әзіл қыстырып:

"Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба – айта салады," — деп жазған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке түрлі пікір қалдырды:

"Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып...",
"Жас қой, семіреді уақыт өте келе",
"Атасының жауабы қандай орынды болған..." – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 72
Күлкілі 24
Ашулы 13

Серіктес жаңалықтары