$ 538.11  623.51  6.61

«Кеудесінен итерген жоқпыз»: Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні туралы айтты

Өнер иесінен оқырмандары келіні Жұлдыз және оның ата-анасымен неге араласпайтындарын сұрады. Тіпті тойға да келмегенін жазды.

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінен оқырмандары келіні Жұлдыз және оның ата-анасымен неге араласпайтындарын сұрады. Тіпті тойға да келмегенін жазды.

“Тойларыңа Жұлдыз келген жоқ. Нағыз бай-бағлан болыпсыңдар. Жұлдыз бен кішкентай Рабия қайда?! Сол екеуі де торттан ауыз тимей ме?! Әулеттің үлкендерінің осындай іс-әрекеті дұрыс па”, – деп сұрады продюсердің оқырманы.

Өз кезегінде Гүлзира Үсенқызы оқырмандарын алаңдатқан сауалға жауап берді.

Жұлдыз жаңа босанған жоқ па?! Келсе біз кеудесінен итерер ме едік, бұл не сұрақ?! Сосын біреудің отбасында не шатақтарыңыз бар, әр адамның өз қалауы бар емес пе?! Сіз менің ұрпағыма менен еш жақын емессіз, сізге қажеті де жоқ”, – деп ашуланды продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 21
Күлкілі 6
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары