$ 538.13  624.88  6.64

«Сахнада да хит»: Нұржан Төлендиев Ардақ Назаровты қалжыңға айналдырып, елді күлкіге батырды (ВИДЕО)

"Ардақ приколдан үш дүркін әлем чемпионы болды". 

Фото: insragram/ardak_nazarov
Фото: insragram/ardak_nazarov

Танымал актер әрі «Алдараспан» театрының жетекшісі Нұржан Төлендиев әнші Еркін Нұржановтың концертінде әріптесі Асхат Назаровқа қатысты қалжың айтып, көрермендерді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желіде депутат Ардақ Назаровтың ескі сұхбаттары қайтадан таралып, жұрт арасында қызу талқы тудырған еді. Сол сұхбаттардың бірінде ол елін сағынған қарияның «бір уыс топырақты жұтып қойғаны» жайлы айтқан болатын.

Бұл сөз желі қолданушылары арасында үлкен трендке айналып, түрлі әзілдер мен мемдерге себеп болды. Осы үрдістен қалыс қалмаған Нұржан Төлендиев те депутаттың айтқанын еске салып, өзіне тән әзілмен көрермендерді ду күлдірді.

Көп ұзамай желіде:

"Ардақ приколдан үш дүркін әлем чемпионы болды",
"Ардақ топырақ жегізетіні болмаса жақсы жігіт",
"Ардақ басқа планетаға көшіп кеткен шығар",
"Нұржан да қалжыңға алыпты ғой",
"Жыл приколы болатын болды ғой", — деген пікірлер жазыла бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 14
Күлкілі 15
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары