$ 537.84  626.85  6.79

«Көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па?»: Айқын Төлепберген бесінші рет әке атанбақ

"Бірдеңе бересіздер ме?"

Фото: aikyn/instagram
Фото: aikyn/instagram

Қазақстандық танымал әнші, продюсер және актер Айқын Төлепберген жақын арада бесінші рет әке атанбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл жаңалықты әзіл мен шындықты араластыра отырып жеткізді.

«Бесінші балам дүниеге келейін деп жатыр. Арнайы дайындық керек емес, жүре бересің. Негізі көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па? Бірдеңе бересіздер ме? Қанша дегенмен ана туды дегенімен, бәрін асырап жатқан мен ғой. Балалардың мектебі, киім-кешегі, үйірмелерінің бәрін төлеймін. Қалжыңдаймын», – деді Айқын.

Оның айтуынша, әр баласы бірнеше үйірмеге қатысады, алайда ол мемлекеттен ешқандай жәрдем сұрамайтынын жеткізді.

«Әр балам екі үйірмеге барады, мемлекеттен бірнәрсе алуға болады екен. Бірақ мен мемлекеттен ештеңе сұрамаймын», – деп қосты ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары