$ 536.32  626.9  6.6

«Құны 20 миллион теңге»: Қайрат Әділгерей жұбайына ерекше сыйлық берді (ВИДЕО)

Екеуі бір ойын ойнап, Қайрат сол ойында жеңіліп қалған көрінеді

Фото: Instagram/kairat_adilgerey
Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Қазақстандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей жұбайы Бақыт Тұрманға ерекше сыйлық жасады. Ол әйелі үшін әйгілі “Cartier”брендінен құны шамамен 20 млн теңге тұратын қол сағатын сатып алып, оған деген махаббатын тағы бір мәрте білдірді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл сыйлық туралы олар өздерінің “Instagram” парақшаларында бөліскен еді.Бірақ бұл сыйлықтың артында қызықты жағдай тұрғаны белгілі болды. Актердің айтуынша, екеуі бір ойын ойнап, Қайрат сол ойында жеңіліп қалған көрінеді. Сол себепті ол Бақытқа сағат сатып алып беруге уәде берген екен.

Көптеген желі қолданушылары: «Осындай жұптар көп болсын!», «Қайраттың романтикалық қадам Бақытқа бақыт тілейміз!» деген пікірлер қалдырған.Жұлдызды жұптың бұл әрекеті әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілін көтеріп, жұпқа деген қызығушылықты арттырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары