18.10.2025, 17:30

«Алғашқы қонақтар – Баян мен Тұрсын Алагөзовтер!»: Динара Сәтжан жаңа зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: instagram/dinara_satzhan

"Достар – ең үлкен байлық!"

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге жаңа үйінде достарын қабылдап, оларға эксклюзивті экскурсия өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа қоныстағы алғашқы қонақтар – Баян және Тұрсын Алагөзовтер, сондай-ақ танымал дизайнер Аида Қауменова болды. Ерлі-зайыптылар қонақтарына үйдің ішкі дизайнын және ауласын көрсетіп, ерекше қонақжайлылық танытқан.

“Достар – ең үлкен байлық! Жаныңда ақылды, қызықты адамдардың болуы – үлкен бақыт. Осындай жандармен бірге өсесің, күлесің және ең бастысы — өзің болып қала аласың”, – деп жазды Динара Сәтжан өз Instagram парақшасында.

Тележүргізуші оқырмандарына қонақтарды қарсы алуға қалай дайындалғанын да көрсетті.

Желі қолданушылары бұл көрініске тәнті болып, жылы пікірлерін қалдырды:

“Баян мен Тұрсын сондай жарасымды жұп, 50-де емес, 37 жастағыдай көрінеді!” “Динара, шаңырағыңыз берекеге толы болсын!” “Жаңа үйіңіз тек қуанышқа толы болсын!” “Осындай әдемі үйлер елімізде көбейе берсін!”