$ 536.32  626.9  6.6

Ақындар айтысы: Айбек Қалиев «Алтын домбыра» иегері атанды

Сонымен қатар финалда ерекше шеберлік танытқан ақындарға арнайы жүлделер берілді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Отан" орденінің иегері Жүрсін Ерман төрағалық етті.

Екі күнге созылған жылдың қорытынды айтысында бас жүлдені иеленіп, "Алтын домбыраның" иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер табысталды.

Бірінші орынды Бексұлтан Орынбасар, екінші орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, ал үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.

Сонымен қатар финалда ерекше шеберлік танытқан ақындарға арнайы жүлделер берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары