Қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық туралы жиі айтамын бұл мен үшін ең маңыздысы.
Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде ұлдарымен болған әсерлі әңгіме жайлы жазба жариялады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, 16 және 18 жастағы ұлдарымен ол әдетте достық форматта пікірлесіп, өмірлік құндылықтар туралы жиі сөйлеседі.
«Қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық туралы жиі айтамын бұл мен үшін ең маңыздысы», — деп жазды ол.
Оның айтуынша, кейде ұлдарының арасында түсінбеушілік туындап қалатынын да жасырмайды. Мұндайда ол эмоцияға берілмей, сабырмен сөйлесіп, татуласуға шақыратынын жеткізді.
«Үйдің шаруасын, інісінің ортасын, ұсақ-түйек жөндеу, бақылау бәрін үлкен ұлыма тапсырамын. “Әкеңнің орнында сезін” деймін. 25-ке дейін үйленемін деп отыр», — дейді Ләйлә.
Сонымен қатар ол туыстық байланыстың да маңыздылығын атап өтті. Балаларына үлкендерді, ата-бабасын ұмытпау үшін суреттер мен видеоларды жиі көрсететінін айтты.
«Жақындаүлкен ұлым: “Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз”,Күлкілі де, жүрекке тиетін сөз болды», — деп бөлісті
Журналистің айтуынша, ұлдарымен болған бұл әңгімелердің басты тақырыбы достық, сенім және жауапкершілік, ал махаббат сол әңгіменің ең жылы бөлігі.