27.10.2025, 04:30

«Жұлынбай жүру керек»: Гүлзира Айдарбекова ажырасуға не себеп екенін ашып айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kair_n

"Кешірмей қақиып тұрып алатындар бар".

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қазіргі жас отбасылардағы кикілжіңдердің себебін атап, жастарды тәкаппар болмауға шақырды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Alasha.kz сайтына сілтемемен.

Қайрат Нұртастың анасы 7-арнаның «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында сұхбат беріп, жанұядағы жанжал көбінесе көкіректік пен өзін-өзі дұрыс ұстамаудан туындайтынын мысалмен түсіндірді.

«Жастарға айтарым, сол ананы сыйласа болды ғой. Әкеге күліп отырып, шайын берсе... Тырысып отырмаса, жұлынбаса... Күйеуің кешірім сұрайды ғой. Сол кезде одан да әрі асып кетіп, бетпақтық танытпай, «жарайды» деп келісе салсаң, әрі қарай жақсы әңгіме айтып, жақсы қыдырып... Кешірмей қақиып тұрып алатындар бар. Оның барлығы көкірекке байланысты ғой. Әңгіменің барлығы сол тәкаппарлыққа келіп тіреледі ғой», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, қолайлы қарым-қатынас пен сыйластық отбасыдағы кикілжіңдерді азайтуға көмектеседі.