27.10.2025, 06:30

«Тым артық кеттің»: Әли Оқапов інісі Мәдиден жиі кешірім сұрайтынын айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aliokapov

«КЕШREC» бағдарламасында сұхбат берді. 

Әнші Әли Оқапов «КЕШREC» бағдарламасында інісі Мәди Оқаповтан не үшін жиі кешірім сұрайтынын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәдиден жиі кешірім сұрап жүремін. Өйткені кішкентай кезінде үлкендік жасағаным есіме түсе береді. «Тым артық кеткен кездерің көп болды» деп өзі де айтқан. Бірақ кешіріп, бәрін түсінген сияқты. Дәл қазір жақын араласамыз. Енді менің кезегім келді, Зейіннен өшімді аламын деп әзілдейді. Мен ағасы ретінде қалай тәрбиелесең де өзің білесің деп бірден айттым. Оған араласпаймын дедім. Бірақ біздің отбасымыздағы ең жұмсақ адам Мәди ғой. Жүрегі кең. Ешқашан біреуге ренжігенін, біреуге қаталдық танытқанын көрмедім. Барлығын кешіреді, барлығына көмектесіп жүреді», - деді өнер иесі.