$ 522.49  601.07  6.47

«Талағын берді»: Боксшы Махмұд Сабырханның бірінші әйелімен неге ажырасқаны белгілі болды

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Боксшы Махмұд Сабырханның екінші әйелі спортшының не үшін ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Махмұд онымен ажырасамын деп отбасын құрған жоқ, ондай ойы да болмаған. Маған бәрін түсіндіріп берді. Назым өзі кеткісі келген, кетті. Махмұд қанша оған түсіндіргісі келсе де түсінбеген. Папасына да айтқан: "Қызыңыз кетемін деп жатыр, қой демейсіз ба" деп. Сосын соңында папасы осылай жазы жіберген", - деді ол скринмен бөлісіп. 

Боксшының екінші әйелі бөліскен скринде бірінші әйелі Назымның әкесі күйеу баласынан талақ айтуды сұраған. 

"Болды, талағыңды бер де өміріне араласпа", - деп жазылған хабарламады. 

Айта кетейік, боксшы, Олимпиада қатысушысы, екі дүркін Әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші рет үйленгені туралы хабар желіде қызу талқылануда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары