Нұрлан Өнербаевты әйгілі еткен «Анашым» әнінің авторы — белгілі композитор әрі әнші Марат Омаров.
Белгілі әнші Нұрлан Өнербаев 37 жыл бойы сахнада орындап келген "Анашым" әнін енді айтпайтынын мәлімдеді.Бұл туралы ол Ontustik Tv арнасындағы «Таң нұры» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«2023 жылы Алматыда өткен концертімде «Анашым» әнімен қоштасқанмын. Қоштасуға себеп болған композитордің өзі. «Нұрлан, осы әнді енді өзім орындаймын» деді. Мен «жақсы» дедім. «37 жыл айттым бұл әнді, әрі қарай өзің біл. Авторы өзің, композиторы, иесі өзіңсің. Мен тек орындаушымын» дедім. Ешқандай сезімде болған жоқпын. 2018 жылы Астанада 8 наурыз күніне концертімді дайындап жатқанмын. Тура сол концерттің алдында жолығып қалдық. «Нұрлан, концерт бергелі жатқан екенсің. «Анашымды» орындамай-ақ қойсаң» деді. Мен «жарайды» деп келістім», — деді әнші Нұрлан Өнербаев.
Естеріңізге салсақ, Нұрлан Өнербаевты әйгілі еткен «Анашым» әнінің авторы — белгілі композитор әрі әнші Марат Омаров.