"Әкем туралы жаман сөз айтып, түрлі видео жасауды тоқтатыңыздар".
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне қатысты тарап жатқан сын пікірлер мен жалған видеолар жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Әкем туралы жаман сөз айтып, түрлі видео жасауды тоқтатыңыздар. Бұл өмірде ешкім мінсіз емес. Мен әкем қандай болса да, оны қатты жақсы көремін. Барлығы қателеседі. Ол – бізге әрдайым қолдау көрсететін, мейірімді әке. Сені жақсы көремін, әкетайым! Оның жасаған жақсылықтарын ешқашан ұмытпаймын", – деп жазды Айым Тұрсынбекқызы.
Желі қолданушылары Айымның жазбасын жылы қабылдап, оған қолдау сөздерін арнады.