"Төрт айдың ішінде өзімді әрең жинадым".
Желіде әнші Ерке Есмаханның қайтадан аяғы ауыр болуы мүмкін деген сыбыс тарады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұндай әңгімеге себеп кеше өткен Бағым Мақсатқызының концертінде ән айтқан Еркенің бейнежазбалары мен фотолары. Көпшілік суреттерден әншінің сәл толысып көрінгенін байқап, «жүктілігі бар шығар» деген болжам айтқан.
Алайда Ерке Есмахан бұл қауесетке өзі нүкте қойды. Әншінің айтуынша, сәбиі дүниеге келгеніне небары төрт ай ғана болған.
«Төрт айдың ішінде өзімді әрең жинадым. “Аяғың ауыр ма?” деп жазып, мені мазақ етіп керек емес. Ондай жазбалар үшін бірден блокқа кетесіздер», – деп ашуланды әнші.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Еркені түсіністікпен қарсы алып, оған денсаулық пен сабыр тіледі.