10.11.2025, 13:00

«Мақтанышпен айтты ғой»: Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады

Фото: opennews.kz

Тұрсынбек Қабатов: "Қазір әлеуметтік желі шулатып жатырған  актриса Дариға Бадықова. Одан кейін мен" деді. 

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің кезекті концертінде соңғы жайттарға қатысты әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы желі қолданушысы жазды. 

"Атышулы Тұрсынбек Қабатов тоқалы бар екенін тұспалдап, әзілдеп мойындады. Самобуллинг деген осы екен", - деп жазды ол. 

Тұрсынбек Қабатов: "Қазір әлеуметтік желі шулатып жатырған  актриса Дариға Бадықова. Одан кейін мен" деді. 

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды. 

"Күлкілі емес, өмір бумеранг", "Мақтаныш қылып айтты ғой", "Халық неге күліп отыр, арзан күлкі тек", "Сайқымазақ десе сайқымазақтың көкесі екенсің", деді олар.