10.11.2025, 13:40

«Енесі жағаласып не болды»: Сәкен Майғазиевтің әйелі мен келіні қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Енесінің келініне көмектесіп жүрген сәтін ұнатпай, түрлі пікір қалдырған.

Әділет пен Адия өз шаңырақтарына қонақ шақырып, сол сәтті видеоға түсірген. Бейнежазбаны Сәкен Майғазиевтің ұлы әлеуметтік желіде жариялады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі видеода енесінің келініне көмектесіп жүрген сәтін ұнатпай, түрлі пікір қалдырған. Кейбіреулер тіпті: «Жағаласпай, жастарды өздерін қалдырмай ма» – деп жазған.

Желіде бұл видео қызу талқыланып, пікір екіге бөлінді.Видеоны көргендер “бұл қазақы дәстүрдегі сыйластықтың көрінісі” десе, енді бірі “жас келінге еркіндік беру керек” деп жазған.