$ 525.28  607.85  6.47

«Заманбек Нұрқаділовтің қайтқанына - 20 жыл»: Мақпал Жүнісова ас берді (ВИДЕО)

Ал Жүнісова болса, желідегі парақшасына марқұм күйеуіне арнап 6 видео жүктеді. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Мақпал Жүнісова 12-қараша Заманбек Нұрқаділовтің қайтқан күні екенін айтып желідегі парақшасында бірнеше жазба жариялап, ас берді деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бүгін ағамызға жеңгеміз ас берді. Аллам ниетіңізді қабыл етсін. Заманбек ағамыздың өткен өмірі мен тарихынан үзінді естелік айтып, қайындарым деп сыйлап тұрған жүрегіңізден айналдым, жеңге", - деп жазды асқа барғандар. 

Ал Жүнісова болса, желідегі парақшасына марқұм күйеуіне арнап 6 видео жүктеді. 

"12-қараша Зәкеңнің өмірден озған күні. Топырағыңыз торқа болсын", - деді ол. 

Сондай-ақ марқұм күйеуінің жазбаларын да желіге жүктеді. 

"Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді", - деп Мақпал Жүнісова "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады. 

Жүнісова Нұрқаділовтің шығармашылығынан да сыр шертті. 

"Зәкеңнің өлеңіне жазылған әннен үзінді. "Өмір-ай". Бұл домбыраны Зәкеңе сыйға тартқан", - деді ол. 

Мақпал Жүнісованың еске алу жазбаларына көптеп пікір жазылған. Олардың ішінде Димаш Құдайберген де бар. 

"Керемет, Мақпал апай", - деді талантты әнші. 

Бұдан бөлек әншінің оқырмандары түрлі жұбату сөздерін айтып, Жүнісованың қайғысына ортақтастқан. 

Айта кетейік, биыл Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 20 жыл. Саясаткер 2005-жылдың 12-қарашасында ажал құшқан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары