$ 524.65  607.02  6.48

«Халықтың тілеуімен өмірге келдің ғой»: Елдос «Колобок» ұлымен алғаш кездескен сәтін жариялап, көпшілікті жылатты

«Аллаһқа шүкiр!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Елдос «колобок» атымен танымал қазақстандық блогер Елдос Кәдірханов 9 жылдан кейін ұлды болып, көпшілікпен сүйінші жаңалығын бөлісті. Өнер иесі ұлымен алғаш кездескен сәтін видеоға түсіріп, көпшілікке паш етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«ҚОШ КЕЛДІҢ ҰЛЫМ! Алланың қалауымен, халықтың тілеуімен өмірге келдің ғой, халықтың ұлы бол, ұзақ мәнді ғұмыр кеш ! МЕН БАҚЫТТЫМЫН», деп жазды блогер.

Елдостың өнердегі, өмірдегі достары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Аллаһқа шүкiр! Сынақтың артында жеңiлдiк бар! Бауы берiк болсын! Бақытты болыңдар!», «әке болғаныңнан сенің бауырым», «Бүкіл халық болып тіледік расымен, тіл көзден аман болсын. Алла бағымен бабын қатар шаптырсын. Бастысы ауырмасын бақытты балалық шақ тілеймін», деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары