$ 524.65  607.02  6.48

«Жүрегі тоқтап қалды»: Арман Дүйсеновтің әйелі композитордың жертөледе көз жұмғанын жоққа шығарды (ВИДЕО)

Өнер иесінің жарының айтуынша, композитор жертөледе емес, зауытта көз жұмған.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Қазақстанның белгілі сазгері марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында композитордың өліміне қатысты сауалдарға алғаш рет ашық жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің жарының айтуынша, композитор жертөледе емес, зауытта көз жұмған.

“Маған Калелхан Иманмәди қоңырау соғып, “Арманның жағдайы нашар” деп зауытқа тез жетуімізді сұрады. Не болғанын сұраған едім “Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам жетіңіздер” деп айтты. Зауытқа жетсек, сыртта жедел-жәрдем тұр екен. Ұлымыз екеуміз фельдшерлермен екінші қабатқа көтеріліп едік, сөйтсек Арманның бетін жауып тастаған екен. “Не болды?” деп сұрағанымда жүрегі тоқтап қалды деп айтты. Ол ешқандай жертөледе көз жұмбады, бұл тіркелген дүние. Зауыт екі қабаттан тұрады, зауыттың аумағында студия жоқ. “Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой” деп сұрап едім, “Осы жердегі балалармен таң намазына дәрет алды, балалар сапқа тұрған кезде, ағасының сапқа тұрмай, диванда жатып қалғанын көріпті. Оятқан кезде тұрмаған екен” деп жауап берді”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары