$ 524.32  609.05  6.52

«Мен оны жек көретін едім»: Қарақат Әбілдина бұрын-соңды айтпаған сырын ақтарды

Бағдарламада Қарақат Әбілдина өзінің туған әпкесіне деген ерекше құрметі мен ризашылығын білдірді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Қарақат Әбілдина мен ақын Қымбат Әбілдәқызы "1001 түн" бағдарламасына қонақ болып, өнер мен отбасы туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бағдарламада Қарақат Әбілдина өзінің туған әпкесіне деген ерекше құрметі мен ризашылығын білдірді. Ол Қымбат Әбілдәқызының балалық шағынан-ақ қатал мінезді болғанын еске алып, сол қасиеттің өз өмірінде үлкен рөл атқарғанын айтты.

"Қымбат апайым қатал болды. Бұрын бұл қаталдығын ұнатпайтынмын, оны жек көретін едім, бірақ қазір бәріне алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесінің арқасында құндылығым мен ұстанымым қалыптасты. Өнердегі алғашқы қадамымда да продюсер болып, сұхбат беруге, ән айтуға, сахнада өнер көрсетуге жол ашты. Әрдайым демеп, қолдап отырғанын ешқашан ұмытпаймын", – деді Қарақат Әбілдина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары