14.11.2025, 15:40

«Кешірім сұрап, ақталсын»: Желіде Jah Khalib-ке қатысты дау туды (ФОТО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Рэпер бұған дейін қазақстандық подкастта оранған әйелдерді мұсылман ер адамдар зорлықтан қорғайтынын айтып, әйелдердің киіміне қатысты пікір білдірген болатын. 

Әлеуметтік желіде әйелдерге қатысты айтқан пікіріне байланысты Қазақстандағы концерті тоқтатылған Jah Khalib лақап атымен танымал қазақстандық орындаушы Бахтияр Мамедовті шақырғанына наразылық туды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рэпер бұған дейін қазақстандық подкастта оранған әйелдерді мұсылман ер адамдар зорлықтан қорғайтынын айтып, әйелдердің киіміне қатысты пікір білдірген болатын. 

“Мысалы менің әйелім оранып сауда орталығына барады. Оған біреу тиіскісі келсе, жанындағы мұсылман бауырым оны байқап, қорғайды. Сондай-ақ көшеде ер адамдар әйеліме жаман оймен қарамайды. Мен әйеліме қауіп төніп тұрмағанын білгендіктен, уайымсыз отыра аламын”, – деді Jah Khalib.

Сондай-ақ подкаст қатысушысы Жаслан Айтмағанбетов шабуылдардың 85 пайызы әйел “қате жерде, қате киіммен, қате уақытта” жүргендіктен жасалатынын алға тартты. Рэпер оның пікірін қолдап, “Екінші себебі қате киім” деді.

Бахтияр Мамедов пен Жаслан Айтмағанбетовтің бұл пікірі Қазақстан тұрғындары мен әйел құқықтарын қорғаушылар арасында қатты дау тудырды. Ал тамызда рэпер қызының денсаулығына байланысты Қазақстандағы барлық концерті өтпей қалды.

Жақында ол қарашаның соңында Бішкекте концерт беретінін хабарлады. Алайда қала тұрғындары бір бөлігі Jah Khalib-тің концерт өткізуіне қарсы.

“Jah Khalib Қазақстанда бірнеше рет концерт өткіруге тырысты, бірақ концерт болмай қалды. Енді Қырғызстанда жоспарлап отыр, ол жақтың да тұрғындары қарсы. Ол неге өз сөздері үшін кешірім сұрап, ақталмайтынын түсінбеймін. Әлде ол өз пікірін әлі де дұрыс деп санай ма?” – деп жазып жатыр қолданушылар.